Швеция парламенті иммигранттардың тәртіпсіз мінез-құлқы үшін елден шығаруға мүмкіндік беретін заң қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа заң «жақсы мінез-құлық» заңы деп аталады және ол иммигранттардың қоғамдық тәртіпті бұзуы немесе қылмыстық әрекеттері үшін елден шығаруды қарастырады. Заң Швециядағы иммиграция саясатын қатайту мақсатында қабылданды.