Шри-Ланка астанасы Коломбоның маңындағы Негомбо түрмесінде болған қақтығыс салдарынан 25 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қақтығыс жексенбі күні басталып, дүйсенбіде де жалғасты. Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында түрме қызметкерлері де бар. Полиция өкілі Чандана Херат қақтығыс болғанын және адам өлімі орын алғанын растады, бірақ егжей-тегжейін айтпады. Қақтығыстың себебі әзірге белгісіз.
Аудандық аурухананың анонимді қызметкері 100-ден астам адам жарақатпен түскенін хабарлады. Шри-Ланка түрмелері қатты толып кеткен: жалпы сыйымдылығы 10 000 адамға арналған жүйеде 39 000-нан астам түрмеде отырғандар бар.
