ҚР ТЖМ хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы «Аюда» шатқалындағы орман өрті оқшауланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өрттің алдын ала ауданы 13 гектарды құрады. Өртті сөндіруге ЭТРМ, ТЖД күштері мен құралдары, Қазавиалесохрана десантшылары және ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ екі тікұшағы жұмылдырылды.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің негізгі ошақтарын оқшаулауға және өрттің үлкен аумаққа таралуын болдырмауға мүмкіндік туды», — делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін «Курсив» ШҚО-да орман өртін оқшаулау әрекеттері туралы жазған болатын. Ол үшін ТЖМ авиациясы жалпы көлемі 39 тонна суды 13 рет шашқан.
Өрттің алдын алу және оны сөндіру жұмыстары жалғасуда. ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
