Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы «Аюда» шатқалында орман өрті шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт «Асу-Булак орман шаруашылығы» КММ аумағындағы «Аюда» шатқалында тіркелген. Өрт алаңы нақтылануда.

Өртті сөндіру жұмыстары жаяу топтармен жүргізілуде. Сонымен қатар, әуеден ТЖМ тікұшағы су төгу арқылы көмек көрсетуде. ТЖМ авиациясы жалпы көлемі 39 тонна болатын 13 рет су төгуді орындады.

«Қазіргі уақытта негізгі өрт ошақтарын оқшаулауға және өрттің үлкен аумаққа таралуын болдырмауға мүмкіндік туды», – деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін «Курсив» биылғы мамыр айында ШҚО Ұлан ауданындағы Бұқтырма су қоймасының «Аюда» шатқалында, Приморск орманшылығы аумағында орман алқабында шөп, бұта және ағаштардың жануы орын алғанын жазған болатын. Сол кезде өртті сөндіру үшін авиация 20 тоннадан астам су төккен еді.