Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін анықтады. Ол танысына күш көрсетіп, ақша мен мүлкін иемденді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша 39 жастағы ер адам 2023 жылдан бастап танысын қорқытып, өзіне ақша беруге мәжбүрлеп отырған. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 2,5 миллион теңгені құраған.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті жәбірленушіден Volkswagen Passat автокөлігін сатуды сұраған. Алайда мәміле жүзеге аспағаннан кейін одан 1 миллион теңге беруді талап еткен, - дейді полиция.
Заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленуші қомақты көлемдегі ақша мен мүлкінен айырылған. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
