Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) қар жауып, Күршім ауданы Құйған ауылдық округіне қарасты Татарка учаскесінде электр желілерінде жұмыс істейтін энергетикалық компанияның 7 қызметкері екі автокөлікпен қар құрсауында қалып қойды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға орнына жоғары өтімді арнайы техникамен келген құтқарушылар жеті адамды жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Әкімдік мәліметінше, көшелер мен жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 8 арнайы техника жұмылдырылған.
«Жұмыстар көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен үзіліссіз жүруін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жолдардың тиісті жағдайын сақтауға бағытталған. Көшелерді тазарту жұмыстары ауа райы мен жауын-шашынның қарқындылығын ескере отырып жүргізілуде», — дейді әкімдіктегілер.
Сонымен қатар, Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады: «Сапарды кейінге қалдырыңыз». Бұл туралы ведомство 6 қазанда хабарлаған болатын.
