ҚР ТЖМ хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы «Аюда» шатқалында, «Асу-Булак орман шаруашылығы» КММ аумағында өрт басталды. Өрт ауданы нақтылануда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өртті сөндіру жаяу топтармен жүргізілуде. Бір мезгілде әуеден ТЖМ тікұшағы су төгуде.
ТЖМ авиациясы жалпы көлемі 39 тонна болатын 13 су төгуді орындады.
«Қазіргі уақытта өрттің негізгі ошақтарын оқшаулауға және өрттің айтарлықтай аумаққа таралуына жол бермеуге қол жеткізілді», — деп хабарлады ведомствода.
Бұған дейін «Курсив» биылғы жылдың мамыр айында ШҚО Ұлан ауданындағы Бұқтырма су қоймасының «Аюда» шатқалында, Приморск орманшылығы аумағында орман аймағында шөп, бұталар мен ағаштардың жануы орын алғанын жазған болатын. Өртті сөндіру үшін авиация 20 тоннадан астам су төккен еді.
