Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында ер адам туған қызын бірнеше жыл бойы зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкерлері күдіктіні шілде айында жұмыс орнында ұстап, полиция бөліміне жеткізген.

Қылмыстық іс қозғалды

Риддер қаласының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Әлеуметтік желідегі ақпарат

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, қыз алты жасынан бастап зорлық көрген. Қазіргі уақытта ол 13 жасқа толды.

Тергеу барысын облыстық полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды.