2026 жылдың шілде айында Қазақстанда инфляцияның айлық деңгейі 0,6% құрады, бұл маусым айындағы көрсеткіштен (0,8%) төмен. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шілде айында бағаның ең көп төмендеуі маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінде тіркелді. Атап айтқанда, қияр 22,6%-ға, қызанақ 17,7%-ға, сәбіз 5,3%-ға, банан 4,0%-ға, алма 2,7%-ға, апельсин 2,3%-ға, лимон мен картоп 1,6%-ға арзандады. Сонымен қатар, жұмыртқа 1,4%-ға, арпа жармасы 1,3%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында пайдаланылған жеңіл автомобиль бағасы 3,8%-ға, электр еттартқыш 2,2%-ға, кір сабын 1,5%-ға, смартфондар мен көзілдіріктер 1,3%-ға, шаш бояуы 0,7%-ға арзандады.

Жылдық мәнде 2026 жылғы шілдеде инфляция деңгейі 10,2% құрады (2026 жылғы маусымда – 10,3%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 11,7%-ға, азық-түлік тауарларының бағасы 10,1%-ға, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы 9,2%-ға өсті, деп жазылған хабарламада.

Өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша бағаның төмендеуі жалғасты. Атап айтқанда, қияр бағасы 31,6%-ға, қызанақ 26,5%-ға, пияз 10,9%-ға, сарымсақ 8,1%-ға, апельсин 7,8%-ға, алма 4,7%-ға төмендеді. Сонымен қатар, азық-түлік тауарлары арасында күріш бағасы 4,1%-ға арзандады.

Сонымен қатар, жеңіл автомобильдің бағасы 16,2%-ға, кондиционер 10,8%-ға, медициналық термометр 7,5%-ға, медициналық бинт 6,4%-ға төмендеді.