Щучинск қаласында ер адам балтамен қуып, екі баланың анасын өлтірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 18 маусымда күндіз болған. 1978 жылы туған ер адам 1985 жылы туған әйелді балтамен ұрып өлтірген. Әйел екі баланың анасы болған. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен, бірақ кейін ұсталған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
