Қазақстандық Александр Шевченко (111) Алматыда үшінші рет өтіп жатқан Almaty Open-2026 теннис турнирінің жекелей сынында іріктеу кезеңінен өте алмады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдыңғы күні Шевченко Эстония өкілі Даниил Глинканы (178) 6:3, 6:7 (3:7), 7:5 есебімен жеңген болатын. Алайда бүгін ол грек теннисшісі Стефанос Сакелларидиске (135) 6:7 (4:7), 4:6 есебімен жол берді.

Қазақстандық тағы екі теннисші кеше іріктеу матчтарында жеңіліс тапты. Бейбіт Жұқаев (503) австралиялық Адам Уолтонға (98) 1:6, 5:7 есебімен жол берді. Амир Омарханов (618) жапондық Реи Сакамотоға (137) 2:6, 1:6 есебімен жеңілді.

Сакамото бүгін канадалық Габриэль Диаллоны (121) 2:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, негізгі сеткаға шықты. Уолтон грузин Николай Басилашвилиге (124) 4:6, 6:7 (4:7) есебімен жол берді. Ол жұптық турнирде өнер көрсетуді жалғастырады.

Омарханов пен Жұқаев та жұптық разрядтың негізгі сеткасында ойнайды. Александр Бублик пен Зангар Нурланулы да жұптық сында бақ сынайды.

Үшінші нөмірмен егілген Бублик жекелей разрядтың бірінші айналымын өткізіп жібереді. Екінші айналымда ол ұлттық құраластасы Тимофей Скатовпен немесе венгр Фабиан Марожанмен кездеседі.

ATP-250 санатындағы Almaty Open ерлер турнирі — 2020-2023 жылдары Астанада өткен жарыстың мұрагері. 2022 жылы турнир «500» мәртебесін алды, бірақ кейін бастапқы санатына оралды. Алматыда ол алғаш рет 2024 жылы өтті.

Әр жылдары турнирді серб Новак Джокович, ресейлік Карен Хачанов, француз Адриан Маннарино және басқалар жеңіп алған.

2025 жылы чемпион атағын ресейлік Даниил Медведев жеңіп алды, ол финалда Франция өкілі Корентен Мутеді 7:5, 4:6, 6:3 есебімен ұтты.

Сенбі күні Медведев (6) Шанхай мыңдығының жартылай финалында испан Рафаэль Жодарға (13) 3:6, 4:6 есебімен жол берді. Жақын арада ресейлік теннисші Алматыға титулын қорғауға келеді.

Almaty Open-2026 турнирінің жүлде қоры – 1,07 млн доллар.