– Тағы бір топ – шет елге кеткен әйелдер. Мен осыларды еш түсіне алмаймын. Германияда, Майнадағы Франкфурт шаһарында әкесінен үлкен шалға тиген талай қазақ қыздарын көрдім. Италияда, Помпейге тақау бір қыстақтағы фермерге тұрмысқа шығып, есекпен тау беткейіндегі жүзімдікке су тасып жүрген қарындасымыз менің қазақ екенімді біліп, тұра қашты. Алматыға босқын болып келген нигериялыққа тиіп, жыл аралатып қара домалақ балаларды бірінен соң бірін шұбыртып отырған Айнұр есімді қарындасымызбен болған әңгімеде «су аяғы құрдым, сөз аяғы қалжың» деп, «қарағым-ау, Қазақстанға ертең кім ие болады, қара бала қазақта да бар емес пе?» дегенмін, ол «мен ұлтшылдармен сөйлеспеймін!» деп, түйеден түскендей, дүңк ете қалды.
admin
Редакция
Талқылау · 0 пікір
Markdown қолданылады · модерация: 1-2 сағ