Үкімет елге иммигранттардың кіруі мен болуын реттейтін ережелерді жаңартты. Қаулыға сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің және екіжақты визасыз келісімдері бар елдердің азаматтары кіруге электронды рұқсат алуға міндетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Электрондық рұқсат беру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі және рұқсат 180 күнтізбелік күн мерзімге беріледі.

Алайда, 2027 жылғы 1 шілдеден бастап бұл талап міндетті сипатқа ие болады және оны алмаған жағдайда елге кіруге рұқсат етілмейді. Рұқсат цифрлық платформа арқылы ішкі істер органдарымен және Ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім бойынша тегін беріледі.

Өтініштерді елге кірудің жоспарланған күніне дейін кемінде 72 сағат қалғанда беру қажет.

Тиісті растаушы құжаттары болған жағдайда, келесі тұлғалар Қазақстанға кіруге арналған электрондық рұқсатты алудан босатылады:

  • 01шет мемлекеттер, үкіметтер мен халықаралық ұйымдар басшылары және олардың отбасы мүшелері;
  • 02шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар парламенттері мен үкіметтерінің мүшелері және олардың отбасы мүшелері;
  • 03Қазақстанның құрметті консулдары және олардың отбасы мүшелері.

Сондай-ақ, дипломатиялық паспорт иелері және басқа да санаттағы тұлғалар.