Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО аймағына жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жеке пайдалануға арналған тауарлар кәсіпкерлік мақсатта емес, жеке, отбасылық және үй қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Ондай заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің нақты ережесі бар.
Сандық және сапалық өлшемшарттар
Қаржы министрінің бұйрығында жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың сандық және сапалық өлшемшарттары белгіленген:
- 01жүннен жасалған бұйымдар – бір адамға бір атаудағы, өлшемдегі және стильдегі 1 зат;
- 02ұялы телефон – бір адамға 2 бірлік;
- 03планшет – бір адамға 2 бірлік;
- 04портативті компьютер және оған керек-жарақтар (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 бірлік;
- 05зергерлік бұйымдар – бір адамға 5 зат;
- 06велосипед – бір адамға 1 дана;
- 07балалар арбасы – бір адамға 1 дана.
Барлық затты кедендік шекара айына 1 рет қана өткізуге рұқсат бар.
Көлік құралдары
Ал жылына 1 бірліктен артық мөлшерде кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары кәсіпкерлік қызметке арналған деп қаралады.
Нормадан асқан жағдайда
"Белгіленген нормалардан асып кеткен не кезеңділік өлшемшарты бұзылған кезде тауар жеке пайдалануға арналмаған тауарларға жатқызылуы мүмкін – бұл жағдайда кедендік декларациялаудың және кедендік төлемдерді төлеудің жалпы тәртібі қолданылады", – дейді салықшылар.
