Бұл туралы әлеуметтік желіде адвокат Асқар Қаймақов жазды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат порталы.

Айтуынша, Қаржаубай Нұрымов «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» бабы бойынша айыпталып отыр. Адвокат полицияның бірнеше мәлімдемесін жоққа шығарды:

Адвокаттар полициядан Нұрымовты ұстауды сұрамаған. Бұған дейін полиция «адвокаттар мен оның туыстары Шерзаттың әкесін қамауға алуды сұрағанын» хабарлаған еді.

Өз-өзіне қол салды делінген Нұрқанат Ғайыпбаевтың жеке хабарламасын жариялауға туыстары келісім бермеген. Айта кетейік, Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалған.