Энергетикалық гигант Shell Қазақстандағы ірі мұнай компанияларына қатысты сот істеріне байланысты елге инвестиция құюды тоқтататынын мәлімдеді. Бұл шешім елдің инвестициялық ахуалына қатысты алаңдаушылық тудырып отыр.
Shell компаниясының бас директоры Ваэль Сауан бұл туралы Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында айтқан. Оның сөзінше, қазіргі сот процестері компанияның «Қазақстанға әрі қарай инвестиция салу ниетіне» тікелей әсер етіп отыр.
««Біз бұл істердің немен аяқталатыны туралы нақты түсінік алғанша, инвестицияны тоқтата тұруды жөн көрдік», – деді Сауан.»
—
Бұл мәлімдеме Қазақстан үкіметі мен бірнеше ірі шетелдік мұнай компаниясы арасындағы даулардың өршіп тұрған шағында жасалды. Компания басшысы жағдайдың анық-қанығы белгілі болғаннан кейін ғана инвестициялық жобаларға қайта оралу мүмкіндігін қарастыратынын жеткізді, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Фото: Әлеуметтік желілерден
