Биыл маусымда Қазақстан шекарасын бұзып өтпек болған 55 шетелдік ұсталды, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметі.

Шекара қызметі 2024 жылғы маусымның жұмысын қорытындылады. Шекарада заңды бұзудың 4 337 дерегі анықталды:

  • 01Шекараны бұзғаны үшін 55 шетелдік ұсталды;
  • 02Шекараны бұзып өтпек болған 35 шетелдік ұсталды.

Мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған затты алып өтудің 1 639 дерегі тіркелді:

  • 0146 – есірткі, жалпы салмағы 14 келіден жоғары;
  • 0248 – қару мен оқ-дәрі (1 қару, 6 пнемватикалық қару, 459 дана суық қаруы, 172 дана оқ-дәрі);
  • 0330 – діни әдебиет (692 дана);
  • 04553 – жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын жанар-жағармай (45 мың литр);
  • 05726 – жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
  • 06236 – жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеден асаты шетел валютасы.

Каспий акваториясында 34 браконьерлік дерегі тіркелді:

  • 0118 жүзу құралы;
  • 02Ұзындығы 32,5 шақырым болатын браконьерлік балық аулау құралы;
  • 0320 дана (71,3 келі) бекіре тұқымдас балық;
  • 0412 905 дана (24 896 келі) таза тұқымдас балық;
  • 0547 суда жүзетін тасбақа;
  • 069 құс;
  • 071 каспий итбалығы.

Алдын алынған залал сомасы – 147 млн теңге.

Заң бұзушыларды жауапқа тарту үшін деректер құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.