Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің мыңнан астам фактісі тіркелді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шекара кеңістігінде алты мыңға жуық адам Қазақстан заңнамаларын бұзған. Соның ішінде 4 907 шетел азаматы бар.
Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2089 фактісінің алды алынды, оның ішінде:
- 0130 факті – есірткі заттары;
- 0268 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (5 бірлік пневматикалық қару, 130 бірлік суық қару, 228 бірлік оқ-дәрі);
- 031 061 факті – көлемі 159 тоннадан асатын жанар-жағармай материалдары;
- 04751 факті – жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
- 05179 факті – сомасы шамамен 1,5 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.
Сонымен қатар, Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 61 фактісі тоқтатылып, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді.
"Алдын алынған шығын сомасы 561 млн теңгеден астамды құрады", - деп жазылған хабарламада.
Анықталған заң бұзушылықтар аясында 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 40 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 886 әкімшілік іс өндірісте.
