Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің қыркүйектегі нәтижелерін жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамаларын бұзған 4 138 адам ұсталды, оның ішінде 3 502 шетел азаматы бар.

Сонымен қатар 2,5 млрд теңге сомасында тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 598 фактінің алды алынды. Оның ішінде:

  • 0137 факті – есірткі заттары;
  • 0262 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 дана травматикалық қару, 2 дана газ қаруы, 77 дана оқ-дәрі);
  • 03816 факті – көлемі 80 тоннадан асатын мөлшерде ЖЖМ, жалпы сомасы 24,1 млн теңге;
  • 04549 факті – жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
  • 05134 факті – сомасы 1,2 млрд теңгеден астам валюта.

Каспий теңізінің акваториясында браконьерлікпен айналысу бойынша 48 фактінің алды алынды, 41,7 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 145 дана (840 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Алды алынған шығын сомасы 350 млн теңгеден астамды құрады. Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 66 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ 34 млн теңгеден астам айыппұл салынған 3 607 әкімшілік іс өндірісте, дейді комитетте.