Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі биылғы қазан айында 3 318 заң бұзушыны ұстады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұсталғандардың 2 791-і – шетел азаматы. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.
Шекара арқылы заңсыз тауар өткізу
Ведомство мәліметінше, 2,1 млрд теңгеден асатын сомада тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 267 фактісінің алды алынды.
«2,1 млрд теңгеден асатын сомада тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 267 фактісінің алды алынды», – деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Каспий теңізіндегі браконьерлік
Сонымен қатар Каспий теңізінде браконьерліктің 119 фактісі анықталды. Заңсыз балық аулауға пайдаланылған 88 шақырым ау мен басқа да құралдар тәркіленді.
Сондай-ақ 187 дана, жалпы салмағы 933 келі бекіре тұқымдас балық алынды.
Браконьерліктің жолын кесу нәтижесінде мемлекетке 413 млн теңгеден астам шығын келуіне жол берілмеді.
Қылмыстық және әкімшілік істер
Есепті кезеңде Шекара қызметі өз құзыреті шеңберінде 47 қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта олар бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, жалпы сомасы 35 млн теңгеден асатын айыппұл салынған 3 021 әкімшілік іс қаралып жатыр.
