Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында 13 ақпан күні Қазақстан құрамасының бірнеше спортшысы жарыс жолына шығады, олардың арасында мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров медаль үшін шешуші сынын өткізеді, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Жарыс күнін жерлестеріміз үшін шаңғышылар ашады. Астана уақытымен 15:45-те басталатын жекелей сын жарысында Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков ел намысын қорғайды.

Сағат 18:00-де биатлоншылар спринттік жарыста бақ сынайды. Бұл сында Қазақстаннан Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов мөлшерге шығады.

Спорттық күннің басты оқиғасы түнде, яғни сағат 23:00-де басталады. Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы еркін бағдарламада Михаил Шайдоров өнер көрсетеді. Осы сында Олимпиада медальдарының тағдыры шешіледі.

Қазақстандық жанкүйерлер жарыстарды Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және «Хабар» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады.

Әзірге Қазақстан құрамасының ең үздік нәтижесін конькимен жүгіруші Надежда Морозова көрсетті. Ол 3000 метр қашықтықта алтыншы орынға ие болды. Ал жалпы медальдар кестесінде Норвегия (7 алтын), Италия (6 алтын) және АҚШ (4 алтын) құрамалары көш бастап тұр.

Фото: Әлеуметтік желіден