Қазақстан футбол чемпионатының Бірінші лигасында 11-тур ойындары өтті. Көшбасшылар кезекті жеңістерін қамтамасыз етті. «Қайрат-Жастар» өз алаңында «Хан-Тенгриді» 5:0 есебімен тас-талқан етсе, «Шахтер» Таразда маңызды жеңіске жетті – 2:0. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағандылық клуб элиталық дивизионға жолдама алуды мақсат етіп отыр. Турнирде тоғызыншы жеңісін қанжығалаған Андрей Финонченко шәкірттері турнир кестесінде қайратовтық жастар командасынан небәрі бір ұпайға қалып қойды.
Бүгін «Шахтер» сапында Александр Мигунов пен Артем Литош гол соқты. Олардың голдарының арқасында «оранжево-қаралар» Тараздан үш ұпайды алып кетті.
Литош тоғыз голмен мергендер тізімінде көш бастап тұр. Одан бір гол кем соққан Исмаил Бекболат. Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасының капитаны «Қайрат-Жастардың» «Хан-Тенгриге» қарсы жеңісті матчында есеп ашты. Оның бастамасын Мұхамедали Әбіш, Данияр Ташпулатов, Азамат Тұяқбаев және Алдан Нұрғалиев қолдады – жалпы алматылық клубтың жарты құрамы гол соқты.
Басқа матчтардың нәтижелері
- 01**БАТЫР (Екібастұз) – АСТАНА-М** 1:1 (0:1). Голдар: Сағын 6 (0:1), Ал-Хадж 48 (1:1). Сағын (А, 56) алаңнан қуылды.
- 02**ТАРАЗ – ШАХТЕР (Қарағанды)** 0:2 (0:1). Голдар: Мигунов 9 (0:1), Литош 49 (0:2).
- 03**ҚАЙРАТ-ЖАСТАР (Алматы) – ХАН-ТЕНГРИ (Алматы)** 5:0 (2:0). Голдар: Бекболат 36 (1:0), Әбіш 42 (2:0), Ташпулатов 55 (3:0), Тұяқбаев 56 (4:0), Нұрғалиев 90+1 (5:0).
- 04**ЕЛІМАЙ-М (Семей) – ТУРАН (Түркістан)** 0:3 (0:2). Голдар: Оралбай 20 (0:1), Сұлтанов 27 (0:2), Валиуллин 85 (0:3).
- 05**АҚТӨБЕ-М – АРЫС** 3:1 (0:1). Голдар: Садуақас 45+2 (0:1), Бегімов 51 (1:1), Кенжеғұлов 66 (2:1), Кенжеғұлов 73 (3:1).
- 06**ЖАЙЫҚ (Орал) – АКАДЕМИЯ ОҢТҮСТІК (Шымкент)** 0:1 (0:0). Гол: Алқайдаров 83.
- 07**КАСПИЙ-М (Ақтау) – ТОБОЛ-М (Қостанай)** 2:1 (1:1). Голдар: Ислам 10 (1:0), Мусаев 27 (1:1), Жазмағанбетов 59 (2:1).
Семейде «Тұран» ірі жеңіске жетіп, үшінші орынға бекіді. Егер «Қайрат-Жастар» ақырында жоғары орын алса, бұл позиция иесіне КПЛ-2027-ге екінші жолдаманы әкеледі.
Бірінші лиганың 12-турының матчтары 2 және 3 шілдеде өтеді.
