Алматыда өткен FIDE World University Team Chess Championship-2026 турнирінде Екатеринбург қаласының Урал мемлекеттік тау-кен университетінің (УГГУ) командасы ФИДЕ туы астында ойнап, чемпион атанды. Қазақ ұлттық спорт университетінің командасы үшінші орынға ие болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Финалдық матч

Финалдық матчта сегіз партияның алтауы тең аяқталды. Жеңімпаздарға алтын ұпайларды халықаралық шебер Лия Гарифуллина әкелді, ол АҚШ-тан келген әйелдер гроссмейстері Талия Кервантес-Ландейроны екі рет жеңді.

Командалық әлем чемпионатының нәтижелері

УГГУ (ФИДЕ) – Сент-Луис Университеті (АҚШ) 5:3 (2,5:1,5, 2,5:1,5)

  • 01GM Арсений Нестеров (ФИДЕ) – GM Чопра Арьян (Үндістан) 0,5:0,5, 0,5:0,5
  • 02GM Рудик Макарян (ФИДЕ) – GM Субраманиям Бхарат (Үндістан) 0,5:0,5, 0,5:0,5
  • 03GM Сергей Лобанов (ФИДЕ) – GM Николози Качарава (Грузия) 0,5:0,5, Лобанов – GM Виктор Газик (Словакия) 0,5:0,5
  • 04IM Лия Гарифуллина (ФИДЕ) – WGM Талия Кервантес-Ландейро (АҚШ) 1:0, 1:0

Қола үшін матч

Қола үшін созылған матч турнирдің көркіне айналды. Бірінші турда американдықтардан ұтылып қалған біздің шахматшылар екінші турда реванш алды. Үшінші орын тағдырын блиц те шеше алмады – 2:2. Тек суперблицте Қазыбек Ногербек үндістандық Адити Самантты «армагеддонда» жеңіп, қазақстандықтарға қола медаль әкелді.

ҚНУС (Астана, Қазақстан) – Техас Университеті (Даллас, АҚШ) 4:4 (1,5:2,5, 2,5:1,5). Блиц 2:2. Суперблиц 1:0

  • 01GM Қазыбек Ногербек (Қазақстан) – GM Адитя Самант (Үндістан) 0,5:0,5, 0,5:0,5
  • 02IM Арыстан Исанжулов (Қазақстан) – GM Яйр Пархов (Израиль) 1:0, IM Сәтбек Ахмединов (Қазақстан) – Пархов 0:1
  • 03IM Меруерт Камалиденова (Қазақстан) – GM Чаттерджи Кустав (Үндістан) 0:1, Исанжулов – Кустав 1:0
  • 04Алишер Мажкенов (Қазақстан) – WGM Мэйли-Джейд Уэлле (Канада) 0:1, Камалиденова – Уэлле 1:0
  • 05Ногербек – Самант 1:0, Ахмединов – Пархов 0:1, Исанжулов – Кустав 1:0, Камалиденова – Уэлле 0:1

Турнир ұйымдастырушылары

Университеттер арасындағы шахматтан командалық әлем чемпионатын ФИДЕ ҚР Туризм және спорт министрлігімен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен, Қазақстан шахмат федерациясымен және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Бас серіктестер – Freedom компаниялар тобы және «Шапағат» корпоративтік қоры.

Жүлде қоры

Жалпы жүлде қоры – €50 мың. Чемпиондарға €25 мың, АҚШ-тан келген вице-чемпиондарға – €15 мың, ал турнирдің үшінші командасы – Қазақстан құрамасы €10 мың алады.