Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына алаңдап, БАӘ азаматтық инфрақұрылымына зақым келгеніне өкініш білдірді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Тоқаев Қазақстанның бауырлас елге қажет жағдайда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

«Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін достас әрі бауырлас ел ретінде қарастырады, қажет жағдайда қал-қадерінше көмектесуге дайын.»

Сондай-ақ Мемлекет басшысы БАӘ-нің азаматтық нысандарына және Шығанақтағы басқа да елдерге жасалған шабуылдарды қатаң айыптау керегін атап өтті.

Өз кезегінде шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстанның қолдауын жоғары бағалап, халықаралық дағдарысты еңсеруге көмектесуге ниет білдіргені үшін ризашылығын жеткізді.

Әңгіме соңында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейіл екенін растады.