Жүздеген көшіп-қонушы Испанияның Солтүстік Африкадағы Сеута анклавына кірді, олардың көпшілігі Мароккодан жүзіп және қалқымалы құралдарды пайдаланып өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басқалары шекара қоршауындағы қақпадан жүгіріп өтті. Анклав басшысы Хуан Хесус Вивас келгендер саны ресурстарды шамадан тыс жүктегенін айтып, Испания үкіметін араласуға шақырды.

Испания БАҚ-тарының мәліметінше, бейсенбі күні Сеутаға 2000-3000 адам кірген, бірақ Guardia Civil бұл көрсеткішті растамаған. Марокконың солтүстік жағалауында орналасқан Сеута Еуропаға жетуге тырысатын көшіп-қонушылар үшін ұзақ уақыт бойы негізгі нүкте болып келеді.