Сербияның Белград қаласында Қазақстан азаматы Амира Қанат белгісіз жағдайда қаза болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның туыстары оны көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан біреулер лақтырып жібергенін айтып, әділдік іздеп жүр.

Сыртқы істер министрлігі отбасыға көңіл айтып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

"Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құзыретті органдармен бірлесіп, орын алған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста болып, оларға жан-жақты консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп жатыр", - дейді Қазақстан сыртқы істер министрлігінде.

Мәселе министрліктің бақылауында, дейді ведомствода.