Сербия билігі жұма күні елдің солтүстік-шығысындағы орманды аймақта ірі өртті оқшаулауға күш салып жатыр, ал ел бойынша бірнеше өрт ошағы тіркелген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт Делиблат құмы (Deliblatska Pescara) қорығындағы қарағайлы ормандарды шарпыған. Бұл қорық астана Белградтан шамамен 65 шақырым қашықтықта орналасқан. Тікұшақтар өртке су төгіп жатыр. Тағы бір ірі өрт елдің орталығындағы Кралево қаласының маңында тіркелген.

Associated Press хабарлауынша, өрт Делиблат құмындағы Кардак және Сумарак елді мекендеріне жақын орналасқан. Аймақтық телеарналардың мәліметінше, Сумарак тұрғындарына сақтық шарасы ретінде үйлерін тастап кету ұсынылған.

Билік өкілдерінің мәліметінше, жалын Белградтан шамамен 50 шақырым шығыста орналасқан Делиблат құмы арнайы табиғи қорығындағы кемінде 700 гектар жерді шарпыған.

Соңғы апталарда Еуропаны жайлаған қатты ыстық толқын бірнеше елде температураның рекордтық деңгейге жетуіне, энергетикалық жүйелерге салмақ түсіретін қуаңшылыққа және Батыс Еуропадан Балқан түбегіне дейін орман өрттерінің көбеюіне себеп болды.

Сербиядағы өрттерді сөндіру жұмыстары жалғасуда. Тікұшақтар мен өрт сөндірушілердің күшімен жағдайды бақылауға алу әрекеттері жасалуда.