Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, айыптау үкімінің 80%-ы ҚР ҚК-нің «Пара алу» (47 адам) және «Алаяқтық» (27 адам) бойынша шығарылған.

Сәйкесінше, сотталған полиция қызметкерлерінің әрекеттері басқаша жіктелген жағдайлар өте сирек:

• пара беру – 7 адам;

• парақорлыққа делдал болу – 5 адам;

• құзыреттілікті асыра пайдалану – 4 адам;

• қызметтегі әрекетсіздік – 3 адам;

• өкілеттікті асыра пайдалану – 2 адам.

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық істері бойынша барлығы 557 адам, оның ішінде полицейлер де сотталған. Олардың 182-сі бас бостандығынан айырылып (50% жағдайда бес жылдан аспайтын мерзімге), 247-сі айыппұл төлеуге міндеттелді (жалпы сомасы 3,4 млрд теңге), – делінген хабарламада.

Айта кетсек, сот үкімі бойынша сотталғандардың 56-сы немесе жалпы санының 10%-ы жазаға тартылмаған.

Сондай-ақ, жеті ай ішінде сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталғандарды тек екі рет ақтаған, екеуінде де полиция қызметкерлеріне қатысты болған.