Сенегал ұлттық футбол құрамасының дәрігері гинеколог ретінде оқыған, деп хабарлады федерация президенті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Федерация президентінің айтуынша, команда дәрігерінің мамандығы гинекология болғанымен, ол футболшылардың денсаулығын қадағалауға қабілетті. Бұл мәлімдеме құрама дәрігерінің біліктілігіне қатысты күмәндарға жауап ретінде айтылды.