Ұлттық құраманың бұрынғы жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Париж Олимпиадасында жүрген боксшыларды сынға алды. Бапкердің пікірінше, боксшыларды ауыстыратын уақыт болды.
«– Бұл жерде біз жоғалтып алдық. Біз тек бас бапкерге сенеміз (Мырзағали Айтжановқа). Жеті адам – Сәкенді, Сабырханды алмайды ешқашан. Қоңқабаевтың орнына кім бар? Ешкім жоқ. Шыңбергеновтың орнына кім барады – ешкім жоқ. Бір-екі… Токио Олимпиадасынан бастап біз дабыл қауға керек болатын. Ауыстыру керек еді. Қоңқабаев не керек? Құлап жүр. Жалолов нокаутқа түсірген адам оны ұтып алды, – дейді ол.»
—
Тұрсынғали Еділов “тойып алсаң қалай қимылдау керектігін ұмытасың, аш болуың керек” дейді.
«– Қазір семіріп алған. Мәселе онда емес. Алсын, бірақ подводка – балаларды қалай келтіру деген. Соншама жиынмен болмайды. 16 жыл бойы құрама командада жүр. Әрине, оларға қалай айтсақ?! – дейді ол.»
—
Тұрсынғали Еділов өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен шыққан Сәкен Бибосынов жеңілді деп есептейді. Бибосыновтың соңғы раундта үш-төрт соққы алып қалғанын айтып, жеңілісіне сол себеп болды дейді. “Сәкен жеңді” деген сөз далбаса дейді.