Семей қаласындағы Гагарин көшесінде жолдың шұңқырларына жаңбыр суы жиналып, жүргізушілерге қауіп төндірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Су астында қалған шұңқырлар көрінбей, көліктердің зақымдану қаупі туындаған. Қала әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, оқиға 21 қазанда болған.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұңқыр уақытша топырақпен жабылып, жиналған жаңбыр суы сорғы арқылы шығарылған. Сондай-ақ осы жағдайға байланысты жауапты лауазымды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынған.
