Семейде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жоғалған баланы ата-анасына табыстады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ертіс өзенінің жағалауындағы қалалық жағажайды патрульдеу кезінде ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ересектердің қарауынсыз жүрген 2023 жылы туған баланы байқап қалған. Құтқарушылар оқиғаның мән-жайын анықтап, ата-анасын іздеуді ұйымдастырды. Көп ұзамай баланың ата-анасы табылып, сәби олардың қарауына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ су айдындарында демалу кезінде балаларды бір сәтке де қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті. Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі, дейді құтқарушылар.