Семейде газовоз жарылып, екі адам зардап шекті. Зардап шеккендер күйікпен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Сосновая көшесінде газ-ауа қоспасы тұтанып, одан кейін газовоз жарылған. Өрт бір қабатты автомойка ғимараты мен екі жеке тұрғын үйге тарады.

Өртті сөндіруге ТЖМ, полиция, жедел жәрдем бригадалары және «Зеленстрой» компаниясынан 90-ға жуық адам мен 30 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт толығымен сөндірілді. Тұтану себебі анықталуда.

Бұған дейін «Курсив» Сосновая көшесіндегі өрттің оқшаулануы туралы хабарлаған. ТЖМ-нің алғашқы релизінде газгольдер жарылысы туралы айтылған, сол кезде зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген еді.