Семейде автожуу орнында өрт шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қаладағы Солтүстік ауданы Сосновая көшесінде бір қабатты автожуу ғимаратының жануы орын алды.
Құтқарушылардың хабарлауынша, өрт сөндіру есептоптары келгенге дейін газгольдер жарылған.
Өрттің жүк көлігі мен екі жеке тұрғын үйге де таралғаны анықталды.
Өрт аумағы анықталуда. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары жоғары ранг бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
