Семейде ағаш кесу цехының аумағынан өрт шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Семей қаласындағы Глинки көшесінде ағаш кесу цехының аумағында 400 шаршы метр алаңда ағаш материалдары, сондай-ақ күнбағыс тұқымының қабығы өртенген.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылды.
Өртті сөндіруге алты өрт сөндіру оқпаны берілді. Суды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін үш автоцистерна және бір су тасығыш көлік жұмылдырылды.
Өртті сөндіруге ТЖМ-нің 14 техникасы және 47 қызметкері тартылды. Өрт толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
