Семей орманындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Осы уақыттағы жағдай бойынша өртті жою жұмыстарына 600-ге жуық адам, 148 бірлік жерүсті техникасы, 7 тікұшақ және Экология және табиғи ресурстар министрлігі, күштік құрылымдар және жергілікті атқарушы орган жұмылдырылған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әуеден сөндіру жұмыстары барысында 123 рет су төгу жүзеге асырылды, өрт ошағына 157 тонна су жеткізілді, - дейді Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Өрт орнына экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов келді.
Ведомство басшылары жұмылдырылған күштер мен құралдардың жұмысын үйлестіріп жатыр. Жағдай премьер-министрінің жеке бақылауында, дейді министрлік.
