Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын сәтті бастады. «Семей» словакиялық «Лученецті» 6:0 есебімен ойсырата жеңді, ал «Қайрат» латвиялық «Бейтарды» 5:3 есебімен ұтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Негізгі раундтың мини-турнирлерін біздің командалар шетелде өткізуде. Семейліктер Словакияда, алматылықтар Бельгияда ойнайды.
Негізгі раунд. 1-топ. 1-тур. 28 қазан
⚽ ЛУЧЕНЕЦ (Словакия) – СЕМЕЙ (Қазақстан) 0:6 (0:2)
Голдар: Турегазин 06:17 (0:1), Педриньо 17:39 (0:2), Родригиньо 28:27 (0:3), Пиялы 31:30 (0:4), Дедезиньо 35:43 (0:5), Есенаманов 36:43 (0:6)
⚽ БАРСА (Испания) – МИНЕРВА (Швейцария) 6:1 (4:1)
Голдар: Пито 02:27 (1:0), де Оливейра 11:17 (1:1), Негиньо 11:50 (2:1), Серхио 12:41 (3:1), Игор 15:30 (4:1), Игор 30:46 (5:1), Пито 34:35 (6:1).
Іске асырылмаған пенальти: Катела (Б, 09:03)
Турнир қожайындарымен матчта «Семей» ойын бойы басымдық танытты. 7-ші минутта Ринат Турегазин есеп ашса, 18-ші минутта бразилиялық Педриньо оны еселей түсті, содан кейін алаң иелері жеңіске деген сенімдерін жоғалтқан сияқты болды. Үзілістен кейін испандық Серджи Альтисент баптайтын команда словактар қақпасына тағы төрт гол соқты. Ойын нәтижесіне команда капитаны Шыңғыс Есенаманов нүкте қойды.
Ойын күнінің екінші матчында «Барса» швейцариялық «Минерваға» еш мүмкіндік қалдырмады – 6:1. Келесі турда испандықтар қазақстандықтармен 1-топта көшбасшылық үшін таласады.
Негізгі раунд. 2-топ. 1-тур. 28 қазан
«Қайрат» өнер көрсететін 2-топта барлығы үш команда ғана ойнайды. Румыниялық «Юнайтед Галац» турнирден шығып қалды. Алматылықтар Чемпиондар лигасының негізгі раундының дебютанты Риганың «Бейтарымен» матчты тамаша бастады. Екінші таймның басында қазақстандықтар 4:0 есебімен алда болды. 5:0 болуы да мүмкін еді, бірақ дубль жасаған Кайо Руис пенальтиді іске асыра алмады.
⚽ ҚАЙРАТ (Алматы, Қазақстан) – БЕЙТАР (Рига, Латвия) 4:3 (3:0)
Голдар: Валиуллин 03:12 (1:0), Кайо Руис 06:56 (2:0), Кайо Руис 19:53 (3:0), Иманбеков 20:47 (4:0), Кузьмин 21:27 (4:1), Троицкис 22:02 (4:2), Кузьмин 25:44 (4:3), Кайо Руис 33:30 (5:3)
Іске асырылмаған пенальти: Кайо Руис 19:40 (қақпашы)
Сірә, Густаво Лопо Парадеда шәкірттері жеңіске тым ерте сенген болар. Сол үшін дерлік жазаланды. 26-шы минутта латвиялықтардың беларусь легионері Дмитрий Кузьмин дубль жасап, есепті минималды айырмаға дейін қысқартты – 4:3.
Алайда Кайо Руис қайраттықтардың басымдығын қайтадан екі голға жеткізді – 5:3. Ойын соңында бірінші голдың авторы Азат Валиуллин нәтижені қайталай алар еді, бірақ қақпа қаңқасына тигізді. Бұл құрылымды алматылықтардың ресейлік легионері Камиль Герейханов та мазалады. Матч соңына дейін есеп өзгерген жоқ.
Чемпиондар лигасының регламентіне сәйкес, біздің командалар ойнайтын топтардан плей-оффқа үш команда шығады. Осылайша, «Қайрат», «Бейтар» және 2-топ мини-турнирінің қожайыны бельгиялық «Спортинг-Андерлехт» негізгі раунд басталмай тұрып-ақ міндеттерін шешті.
Бірінші екі орынды иеленген клубтар 4 қарашада плей-офф жеребесінде себетке салынады. Ал алғашқы матчтарын қонақта өткізеді.
1/8 финал матчтары 23 қараша мен 4 желтоқсанда өтеді. Ширек финалдар 8 және 19 ақпанда ойналады. Финал төрттігі Швейцариядағы «Биль/Бьен Аренада» өтеді. Жартылай финалдар – 7 мамыр, финал мен 3-орын үшін матч – 9 мамырда.
