Америкалық әнші әрі актриса Селена Гомеске қарсы инвесторлар психикалық денсаулық саласындағы Wondermind Global стартапын іске қосу кезінде алаяқтық жасады деп айыптап, сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сотқа жүгіну

Іс Делавэр штатының федералды сотына берілді. Истецтер компанияға шамамен $1,2 млн инвестиция салғанын, Гоместің жобаны дамытуға белсенді қатысады деп күткенін мәлімдейді.

Wondermind Global туралы

Wondermind Global 2021 жылы пайдаланушыларға психикалық денсаулықтарына қамқорлық жасауға көмектесетін платформа ретінде іске қосылды.

Инвесторлардың талаптары

Инвесторлардың айтуынша, оларға әлеуметтік желілерде 500 миллионнан астам жазылушысы бар Гомес компанияны белсенді түрде ілгерілетіп, маркетингтік бағытты басқаратынына уәде берілген. Алайда, іс материалдарында көрсетілгендей, әнші мен Wondermind басшылары өз міндеттемелерін орындамаған. Атап айтқанда, компания уәде етілген мобильді қосымшаны іске қоспаған.

«Гомес өз міндеттемелерін орындауға міндеттейтін келісімшартқа қол қойған, содан кейін оны елемеген», — делінген сот құжаттарында.

Қосымша айыптаулар

Истецтер компанияның бастапқыда табысты бизнес құрудың нақты жоспары болмағанын да айтады. Олардың пікірінше, Wondermind тіпті негізгі міндеттемелерді, соның ішінде қызметкерлерге жалақыны уақытында төлеу және жеткізушілермен есеп айырысу міндеттерін орындамаған.

Инвесторлар стартаптың қаржылық және ұйымдастырушылық проблемалары туралы тек 2025 жылдың қыркүйегінде, жағдайдың егжей-тегжейлері БАҚ-та жарияланған кезде білгенін айтады.

Талаптар

Қазір олар салынған қаражатты қайтаруды және сот шығындарын өтеуді талап етеді.

Селена Гоместің өкілдері іс жарияланған кезде айыптауларға ресми түрде түсініктеме бермеген.