Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы olympic.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

11 шілдеде U19 жас санатында ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Нәтижесінде сегіз отандасымыз жартылай финалға жолдама алды. Олар: Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін), Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Руслан Ахметов (85 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары).

Ал Досжан Жұмақан (60 келіге дейін) мен Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін) жартылай финалдан тыс қалды. Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.