Сауд Арамко мұнай компаниясының штаб-пәтері хуситтер шабуылынан қатты зақымданды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің дереккөздеріне сәйкес, шабуыл салдарынан ғимаратқа елеулі зиян келген. Алайда зардап шеккендер туралы нақты ақпарат берілмеген.
Reuters атап өткендей, шабуылды Йемендегі хуситтер қозғалысы жасаған. Басқа егжей-тегжейлер әзірге белгісіз.
