Сауд Арабиясында тікұшақ апатынан 14 адам қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік мұнай алыбы Aramco-ға тиесілі тікұшақ жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (Гринвич бойынша 03:00) шығыс жағалаудағы Рас-Таннура қаласында құлады. Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бортындағылардың барлығы қаза тапты.

Құрбандардың барлығы 14 адам Сауд Арабиясының азаматтары болып табылады. Апаттың себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сауд Арабиясының энергетика министрлігі құрбандардың отбасыларына көңіл айтты.

Рас-Таннура қаласында Aramco-ның ірі мұнай өңдеу зауыты орналасқан – бұл Таяу Шығыстағы ең ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарының бірі.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, компания Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты төрт айға жуық үзілістен кейін жұма күні мұнай тиеуді қайта бастаған.