Сауд Арабиясының Рас-Таннура қаласында жексенбі күні таңертең ұлттық мұнай компаниясы Saudi Aramco-ның тікұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға корольдіктің 14 азаматының өмірін қиды. Апаттың себептері анықталып жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр.
Рас-Таннурада аймақтағы ең ірі мұнай өңдеу кешендерінің бірі орналасқан. Эр-Рияд жарияланым кезінде авиациялық апатты өнеркәсіптік инфрақұрылымға ықтимал шабуылмен байланыстырған жоқ.
Бұған дейін «Курсив» Қазақстанның Павлодар облысында бортында 13 адам болған тікұшақтың қатты қонғанын жазған болатын.
