Сауд Арабиясы Қызыл теңізге мұнай құбырын кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөздердің айтуынша, жоба қазіргі құбырдың өткізу қабілетін арттыруды көздейді. Бұл Сауд Арабиясының мұнай экспортын әртараптандыру және Қызыл теңіз арқылы жеткізу көлемін ұлғайту стратегиясының бөлігі болып табылады.
