Сауд Арабиясы Қызыл теңіздегі кеме қатынасын хуситтердің шабуылдарынан қорғау үшін халықаралық коалиция құруды ұсынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздердің айтуынша, Сауд Арабиясы бұл бастаманы хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге жиі жасайтын шабуылдарына жауап ретінде көтеруде. Коалицияға әлемнің түрлі елдерін тарту жоспарлануда.