Сауд Арабиясы израильдік ұшақтарға өз аумағына кіріп, израильдік жолаушыларды алып кетуге рұқсат беруден бас тартты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қауіпсіздік дереккөздерінің мәліметінше, Израиль тарапы Сауд Арабиясына тиісті өтініш жолдаған. Алайда Сауд Арабиясы бұл сұранысты қанағаттандырмады.

Бұл шешімнің себептері мен егжей-тегжейлері әзірге белгісіз. Ресми түсініктемелер де жарияланған жоқ.