Сауд Арабиясының мемлекеттік ақпарат агенттігі Saudi Aramco компаниясының тікұшағы апатқа ұшырап, 14 адамның қаза тапқанын хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Апат салдарынан қаза тапқандардың барлығы Сауд Арабиясының азаматтары екені айтылды. Оқиғаның мән-жайы әлі де тергеліп жатыр.