Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Шыңғыс Арынов Orda.kz тілшісіне Елбасының жиендері Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбішті «Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері күзетпейтінін» хабарлады. Бұл туралы Qazaq.Today жазды.

Тұңғыш президент туралы Конституциялық заңға сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевқа және оның отбасы мүшелеріне «Мемлекеттік күзет қызметі» арнаулы мемлекеттік күзеті қызмет етеді.

Орган ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштеріне жатады және әскери құрылым болып табылатын ерекше мақсаттағы күштерге ие. «МКҚ» ел президентіне бағынады және есеп береді.

Мемлекеттік күзет қызметі адамдар мен мемлекеттік маңызы бар насандарды күзетеді. ҚР МКҚ негізгі міндеттері:

  • 01ҚР президентінің, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі мен күзетін қамтамасыз ету;
  • 02ҚР президенті тізімін бекітетін лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • 03күзетілетін нысандарда және күзетілетін адамдар болатын жерлерді қорғау, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
  • 04нысандар мен күзетілетін адамдарға төнетін қатерлерді кейіннен бейтараптандыра отырып анықтау;
  • 05терроризмге қарсы іс-қимыл;
  • 06ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін қорғау.