Ұлытау облысының Сатпаев қаласында төрт қабатты тұрғын үйде болған өрт кезінде 17 адам, оның ішінде сегіз бала эвакуацияланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт Ұлытау көшесіндегі үйде болған. Екінші қабаттағы пәтерлердің бірінде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген.

«Құтқарушылар баспалдақ маршымен 17 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады», — деп хабарлады ведомство.

Өрт 10 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Бұған дейін «Курсив» Астанада автобус қызды қағып кеткені, тағы үш жолаушының зардап шеккені туралы жазған болатын.