SAS әуекомпаниясы $10 млрд-тан астам сомаға Airbus ұшақтарына тапсырыс берді, бұл компания тарихындағы ең ірі инвестиция болып табылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тапсырыс құрамына қандай ұшақ үлгілері кіретіні және жеткізу мерзімдері туралы нақты ақпарат әзірге жарияланбады. Дегенмен, бұл қадам SAS-тың флотын жаңарту және кеңейту стратегиясының бір бөлігі екені айтылуда.