Қазақстанның тұңғыш президентінің жұбайы Сара Назарбаева Алматыдағы ауруханадан үйіне шығарылды, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Сара Алпысқызының қаңтар айында Президент Іс басқармасының халық арасында «Совминка» аталып кеткен Орталық клиникалық ауруханасына түскені бұған дейін хабарланған еді. Ол бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болған.
Бұл ақпаратты тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай растады. Ол Сара Назарбаеваның жоспарлы медициналық тексеруден өткенін атап өтті.
««Сара Алпысқызы жоспарлы медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жатқызылған болатын. Қазір денсаулығы қалыпты, алаңдауға негіз жоқ», — деп түсіндірді Айдос Үкібай.»
—
Еске сала кетейік, Сара Назарбаева – «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының негізін қалаушы әрі президенті.
Фото: Әлеуметтік желіден
